Грекияда өрт кесірінен туристер эвакуацияланды

26 Тамыз 2019, 08:33
1503
Бөлісу:
Грекияда өрт кесірінен туристер эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Грекияның Самос аралдарында орман өртеніп, қонақ үйлерден саяхатшылар эвакуацияланды, деп хабарлады 24.kz.

Мыңнан астам адам теңіз арқылы 1 жарым шақырымдай жердегі Пифагорио ауылына жеткізілген. Зардап шеккендер жоқ. Қазір жалынның бетін қайтаруға ұшақтар мен тікұшақтар тартылған. Бұдан бөлек Пелопоннес пен Крит аралдарында да орман өртеніп жатыр. Отты сөндіруге бірнеше топ аттанған.

Айта кету керек, Грекияда бірнеше күннен бері сынап бағанасы 37 градустан түспей тұр. Осының салдарынан ел аумағында 56 өрт ошағы тіркелген.


Өзгелердің жаңалығы