Грекияда міндетті маска кию мен коменданттық сағат тоқтатылды

24 Маусым 2021, 07:42
1538
Бөлісу:
Грекияда міндетті маска кию мен коменданттық сағат тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекияда 24 маусымнан бастап көшеде міндетті түрде бетперде кию, 28 маусымнан бастап – коменданттық сағат алынып тасталғандығын мәлімдеді сәрсенбідегі брифингте Азаматтық қорғаныс және дағдарысты басқару министрінің орынбасары Никос Хардалиас, деп жазды РИА Новости.

Бұл шешімді эпидемиологтар комитеті елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты бірауыздан қабылдады. Ұсыныс негізінде үкімет ғимарат ішінде болмаса, үйден тыс жерде маска киюді міндеттемейді және қозғалыс мүмкіндігіне ие болу туралы шешім қабылдады. Көшеде бетпердесіз жүре беруге болады. Бұл шара 24 маусым, таңғы 5-тен бастап күшіне енеді, – деді Хардалиас.

Бұл шешімге елдегі 40 градус ыстық әсер етті.

Біз ешқашан масканы лақтырып жатқанымыз туралы хабарлама жібергіміз келмейді. Соңғы күндердің жоғары температурасы масканы қолдануды қиындатып отыр. Біздің панель эпидемиологиялық мәліметтерді, вакцинация мөлшерін зерттеді, – дейді эпидемиологтар комиссиясының мүшесі, Каподистрия Ван Папаевангелу атындағы Афины ұлттық университетінің балалар инфекциялық аурулары профессоры.

Ал дүйсенбі, 28 маусымнан бастап елдегі коменданттық сағат алынады.


Өзгелердің жаңалығы