Бас жаңалықтар
Грекия турист қабылдауға дайын
01 Маусым 2020, 18:55 125

Грекия турист қабылдауға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тек елге келетін туристердің  жартысын карантинге жатқызылатын болады.

Грекия әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристерді қабылдауға дайын, тек олардың жартысын карантинге жатқызады. Дүйсенбі күні елде қонақ үйлер, кемпингтер, бассейндер мен массаж салондары ашылды. Билік қай елдің туристері қандай да бір шектеусіз бірінші кезекте өтетінін нақтылап жатыр, деп жазады ru.euronews.com.

15 маусымнан бастап халықаралық рейстерге Афин және Салоники қалаларының әуежайлары қызмет көрсететін болады. Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің деректері негізінде Грекияға келгеннен кейін өзін-өзі оқшаулауды күтпейтін 29 елдің тізімі жасалды. Тек коронавирусқа іріктемелі бақылау, атап айтқанда, Австриядан, Қытайдан, Латвиядан, Жапониядан келетіндерге қатысты жүргізілетін болады. Қалғандары, соның ішінде Ресей, Италия, Испания және АҚШ туристері міндетті тестілеуден өтеді және талдау нәтижелеріне байланысты 7 немесе 14 күн ішінде карантинге жатқызылады.

Әуе желілерінің көпшілігі Грекия қалаларына арналған рейстерге билет сатуды бастап кетті.

"Ryanair" компаниясының коммерциялық директоры Дэвид О'Брайан: Осы бағытта жағымды жаңалықтардың бірі – біз әуе кемелерін 50%-дан астам деңгейде толтыра аламыз. Аптасына ұшырылатын рейстер саны аз болғанымен, жоспарланған барлық ұшулардың шамамен 90% жаңартылады, - дейді.

1 шілдеден бастап бірқатар шектеулер алынып тасталуы мүмкін. Шетелдік туристерді Грецияның басқа халықаралық әуежайлары қабылдай алады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...