Гранттар саны 75 мыңға жетеді – Асхат Аймағамбетов

16 Қараша 2021, 11:22
777
Бөлісу:
Гранттар саны 75 мыңға жетеді – Асхат Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Министр елдегі жоғары оқу орындарының жартысы жекеменшікке қарайтынын еске салды.

Елімізде жоғары білім беру сапасын арттыру жұмыстары бірнеше бағытта жүйелі түрде жүріп жатыр. Атап айтсақ, оңтайлы басқару жүйесі, академиялық саясат, білім бағдарламаларының сапасы, қолжетімді қаржыландыру, кәсіби оқытушылар құрамы мен академиялық адалдық принциптерін сақтау және сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйесі, - деді Білім және ғылым министрі.

Сонымен қатар министрдің сөзінше, елімізде 600 мыңнан астам студент білім алуда.

Негізгі бағыттарға тоқталсақ, еліміздегі 122 университеттің жартысы – жекеменшік ұйымдар. Бакалавриат, магистратура мен докторантура деңгейінде 600 мыңнан астам студент білім алуда. Қазақстанның 14 жоғары оқу орны еліміздің және дүниежүзілік үздік университеттер рейтингісінде тұр. Соңғы жылдары гранттар саны екі есеге жуық өсті. 2025 жылға қарай гранттар саны кезең-кезеңмен 75 мыңға жетеді, - деді Асхат Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы