Грантқа құжат тапсыру кезінде талапкерлер жіберетін қателіктер туралы айтылды

24 Шілде 2021, 12:21
3557
Бөлісу:
Грантқа құжат тапсыру кезінде талапкерлер жіберетін қателіктер туралы айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 26 шілде мен 25 шілде аралығында грантқа түсуге құжаттар қабылдау eGov порталы арқылы жүргізіліп жатыр.

 Осыған орай, Білім және ғылым министрлігінің «БҒМ LIVE» жобасының тікелей эфирінде БҒМ жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев грантқа түсуге тапсырылған құжаттар арасында жиі кездесетін қателіктер туралы айтып берді.
Талапкерлердің аттестаттың қосымшасын тіркеуді ұмытатын жайттары жиі кездеседі. Осыған назар аударуды сұраймын. Құжат тапсырарда аттестатты және оның қосымшасын тіркеу міндетті. Сонымен қатар аттестаттағы бағалар санын да дұрыс толтыру қажет. Себебі қате толтырып, не мүлде толтырмайтын кездер  жиі кездеседі. Одан бөлек, жеткен жетістіктер қадамын толтырғанда да мұқият болған дұрыс, - деді ол.

Әділет Тойбаев ең жиі жіберілетін қателікке тоқталды.

Арнайы және шығармашылық емтихан бойынша мәліметтер толтырылмағандықтан ақпараттық жүйе тиісті білім беру бағдарламаларын көрсетпейді. Себебі бесінші қадамда шығармашалық емтиханының көрсеткіштерін толтырғанда талапкерлер жиі қате жібереді. Егер шығармашылық тесттің нәтижесі дұрыс көрсетілмесе, онда таңдап отырған мамандық та шықпайды, - деп түсіндірді департамент басшысы.

Ол талапкерлерден құжат толтырарда мұқият болуды сұрады.

Еске сала кетейік, грантқа құжат қабылдау 25 шілдеге дейін жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы