Грант әділ тағайындалсын – 122 балл жинаған Дияр Әбдірахман

25 Маусым 2020, 13:45
2719
Бөлісу:
Грант әділ тағайындалсын – 122 балл жинаған Дияр Әбдірахман
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші күні. Биыл тестілеуді өткізу тәртібі қатаңдады. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған, тестілеу барысын тәуелсіз сарапшылар бақылайды. Сондай-ақ ҰБТ-да тыйым салынған заттарды пайдаланған талапкерлер аудиториядан шығарылады, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.


ҰБТ-да 122 балл жинаған Павлодар қаласының түлегі Дияр Абдрахман ереже жалпыға ортақ, түлектердің барлығы бірдей жағдайда дайындалуға мүмкіндік алды, грант әділ тағайындалуы керек дейді.

Менің ойымша, телефон, шпаргалка кіргізетін түлектер өз білімімен тапсырған балалардың мемлекеттік грант ұтып алуына кедергі болады. Сондықтан тыйым салынған заттарды өзге түлектер пайдаланбауы керек. Оған жол берілмесе екен. Бізге мұғалімдеріміз телефонмен ұсталып қалсақ бақылаушы аудиториядан шығарып, акт толтыратынын үнемі ескертіп жүрді. Егер ҰБТ-дан бұл жолы сүрінсеңіздер, тамыз айында тағы бір тапсырып көруге болады, – деді Дияр Абдрахман.
Ережені бұзбаған тестіленуші ғана тамыз айында өткізілетін ҰБТ-ға қатыса алады. Бұл шекті баллды жинай алмаған түлектер үшін қосымша мүмкіндік.

Дайындық барысында Ұлттық тестілеу орталығының сайтындағы тегін сынама тестерді жиырма шақты рет орындадым. Бізден бір сынып жоғары оқығандарға мұндай мүмкіндік жасалмады, біздің жолымыз болған сияқты. Тіпті калькуляторды да пайдаландық, – деді Дияр.

 

 


Өзгелердің жаңалығы