GPS-бақылау жүйесі «Қазсушардың» барлық көлігі мен арнайы техникасына орнатылған

22 Қаңтар 2021, 18:15
1187
Бөлісу:
GPS-бақылау жүйесі «Қазсушардың» барлық көлігі мен арнайы техникасына орнатылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазсушар» РМК пайдалану шығындарын оңтайландыру үшін қызметтік көлік құралдарын, оның ішінде барлық филиалдарда GPS бақылау датчиктерімен жабдықтаудың пилоттық жобасын жүзеге асырды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, GPS-датчиктерді орнату бәсекелестік нарықтан жалға алу және ашық сатып алу қағидаттарында ғана жүзеге асырылады. Датчиктерді жалға алу филиалдардың шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, өйткені датчиктердің құны 40-50 мың теңге аралығында өзгереді, ал жалдау құны айына 2 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар, датчик кез келген уақытта, ол есептен шығарылған, сатылған, істен шыққан және басқа да жағдайларда техникадан бөлшектелуі немесе басқа техникаға орнатылуы мүмкін.

Бүгінгі күні филиалдардың 645 көлігі немесе GPS датчиктері орнатуға жататын техниканың жалпы санының жабдықтардың жалпы санының 76,8% цифрландырылды.

GPS-датчиктерін орнату аяқталғаннан кейін есеп беруді автоматтандыру, көліктік диспетчерлік бөлмелерді қайта құру, жанармай шығынын азайту мен компанияның көлік және арнайы техникаларын пайдалану тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасады.

 

Өзгелердің жаңалығы