Госпитальдар, лазареттер мен әскери-медициналық бөлімшелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

11 Қаңтар 2022, 15:23
983
Бөлісу:
Госпитальдар, лазареттер мен әскери-медициналық бөлімшелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің әскери медициналық мекемелерінде жаппай тәртіпсіздіктер барысында жарақат алған Қарулы Күштердің әскери қызметшілері емделіп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің көп болуын ескере отырып, қысқа мерзімде операциялық бөлмелер ашылып, дәрігерлік-мейіргерлік бригадалар құрылды.

Биылғы жылдың бесінші қаңтарынан бастап әскери борышын орындау кезінде Қарулы Күштердің бір әскери қызметшісі қаза тауып, 287 әскери қызметші түрлі жарақаттар алды. Оның 102-сі стационарлық ем қабылдап жатыр, - делінген хабарламада.

Әскери емдеу мекемелері азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Білікті көмек көрсету үшін қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмектер қоры бар.

Өзгелердің жаңалығы