Google мен Mozilla қауіпсіздік сертификатын бұғаттады

22 Тамыз 2019, 11:24
2394
Бөлісу:
Google мен Mozilla қауіпсіздік сертификатын бұғаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал браузерлер Қазақстанның цифрлық сертификатын пайдалануды бұғаттайтын болады. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

Google Chrome, Mozilla Firefox браузерлерін жасаушылар Қазақстан үкіметіне осы браузерлерді қолдана отырып, Интернетке бақылау жүргізу жүйесін құруға тыйым салу шараларын қабылдағандығын хабарлады. 

Chrome компаниясы қауіпсіздік сертификатын бұғаттайтындығын атап өтті.

«Қорғану үшін пайдаланушылардың ешқандай әрекет жасауы қажет емес. Chromium бастапқы кодында аталмыш сертификат қара тізімге енгізіледі, сондықтан ол Chromium негізіндегі басқа браузерлерге де қосылуы керек», - дейді googleblog.com ресурсында.  

Сондай-ақ, осы түбірлік сертификат Mozilla декларациясының қағидасына қайшы келетіндігі Mozilla Security блогында айтылған.

«Біздің сеніміміз бойынша, бұл заң біздің пайдаланушыларымыз бен интернет ресурсының қауіпсіздігіне кері әсер етеді және ол Mozilla Декларациясының 4-қағидасына қайшы келеді, онда интернеттегі «Жеке тұлғалардың» қауіпсіздігі мен құпиялығы негізгі назарда болып, қалау бойынша қарастырылмауы керектігі айтылады», - деп жазылған Mozilla Security блогында

Алайда, Қазақстанда 7 тамыз күні қауіпсіздік сертификатын смартфондар мен гаджеттерге орнату қажет еместігі айтылған еді.

Өзгелердің жаңалығы