Бас жаңалықтар
Гонконгтағы митинг: билік экстрадициялау туралы заң жобасын қайтарды
23 Қазан 2019, 19:21 156

Гонконгтағы митинг: билік экстрадициялау туралы заң жобасын қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше айдан бері наразылық шараларына түрткі болған заң жобасы кері қайтарылды. Бірақ митингке шығушылардың басқа талаптары қалып отыр.

Гонконг билігі экстрадициялау туралы заң жобасының заңнамалық кеңесінен кері қайтаруды ресми түрде орындады. Бұл туралы 23 қазанда жергілікті әкімшіліктің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі хатшысы (министрі) Джон Ли мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Осылайша, үкіметке қарсы шеруілге шығушылардың бес талабының біреуі толық орындалды.

Гонконг атқарушы билігінің басшысы Кэрри Лам қыркүйектің басында парламенттен заң жобасын қайтаратыны ресми жариялаған болатын. Тек ол мұны 16 қазаннан кейін іске асырылатынын айтқан еді.
Айта кетсек, жаз басында Гонконгта Қытайға заң бұзушыларды беруге рұқсат беретін экстрадициялау туралы заң жобасына байланысты үкіметке қарсы наразылық акциясы күшейіп кетті.

Шеруілшілер бұдан бөлек тағы 4 талап қойып отыр. Оның ішінде акцияға қатысқан белсенділерді босату және Гонконгтың сайлау жүйесін демократизациялау бар.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...