Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

11 Қазан 2019, 00:55
2819
Бөлісу:
Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) TVP-ге берген сұхбатында келесі жекпе-жегі IBF және IBO тұжырымдары бойынша қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы болатындығын мәлімдеді, деп хабарлады Prosports.kz.

"Головкинмен жекпе-жек ақпан айында өтеді. IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа таласамын. Қараша айынан бастап дайындықты бастаймын", - деп мәлімдеді Шеремета.

Қыркүйектің IBF рейтингінде Шеремета Головкин мен украиналық Сергей Деревянченкодан кейін (13-2, 10 КО) үшінші орында тұрған болатын. Камил қазан айының рейтингісінде көш бастап, титул үшін ресми үміткер болады деп күтілуде.

Головкин дәл осы польшалық боксшыға қарсы жұдырықтасуы мүмкін деген ақпарат кеше тараған болатын. 

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде GGG украиналық боксшы Сергей Деревянченконы ұтты.

Өзгелердің жаңалығы