Головкинге Альварестің орнына басқа екі боксшымен жұдырықтасу ұсынылды

16 Қаңтар 2019, 09:46
1620
Бөлісу:
Головкинге Альварестің орнына басқа екі боксшымен жұдырықтасу ұсынылды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Журналист Джефф Аранау Boxingnews24.com сайтындағы мақаласында қазақстандық Геннадий Головкиннің алдағы ықтимал жоспары жайлы пікірін айтты, деп жазады Vesti.kz.

"Головкин DAZN-мен келісімшартқа отырмаса, онда Канеломен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру мәселесін қиындата түседі, өз кезегінде мексикалық бұл компаниямен бас-аяғы 365 мың долларға 11 жекпе-жек ұйымдастыру бойынша бес жылға келісімшарт жасасқан. GGG-дің басқа да жолы бар. Ол Premier Boxing Champions компаниясымен келісімге келсе, оның кездесулері Showtime PPV-де көрсетіледі. Ол Джермалл Чарло немесе Каллум Смит сияқты боксшылармен кездесіп, жақсы ақша таба алады", - дейді автор.

Головкиннің 2012 жылдан бері жекпе-жектері көрсетіліп келе жатқан HBO бокстан бас тартқан еді. Қазақстандықтың бұл арна аясындағы соңғы кездесуі мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы