Головкин спорттық мәнсабын нақты қашан аяқтайтынын айтты

8 Маусым 2019, 13:05
1806
Бөлісу:
Головкин спорттық мәнсабын нақты қашан аяқтайтынын айтты

Алматы, BAQ.KZ. Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин алдағы жоспары және спорттан қашан кететіні жайлы мәлімдеді, деп жазды Sports.kz.

Головкин DAZN-мен жасаған келісімшарттағы алғашқы жекпе-жегін 8 маусым күні канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізеді. Осы жолғы жасалған келісімшарт оның кәсіби бокс мәнсабындағы соңғысы болмақ. Ол кәсіби боксқа 2006 жылы келген болатын, енді 2021 жылы аяқтауға ниетті. Осылайша GGG кәсіби рингте 15 жылын өткізбек. Бокстан кеткен соң Геннадий өзінің GGG Promotions компаниясының басшысы ретінде жұмысын жалғастыруды қалайды.

«Дәл қазір менің әлі алты жекпе-жегім бар. Менің келісімшартым үш жылға алты кездесу өткізуге есептелген. Одан соң мәнсабымды аяқтаймын, өйткені отбасымды жақсы көрем», - деді Геннадий ESPN-ге берген жауабында.

Өзгелердің жаңалығы