Геннадий Головкин мен Стив Роллс көшеге шығып көз түйістірді

3 Маусым 2019, 10:28
1702
Бөлісу:
Геннадий Головкин мен Стив Роллс көшеге шығып көз түйістірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) Нью-Йорктегі Times Square алаңында көз арбасты, деп хабарлады Vesti.kz.

Олармен бірге бұл рәсімге тағы бір қазақстандық Али Ахмедов (14-0, 10 КО) және америкалық Маркус МакДэниэл (15-0, 2 КО) қатысты, бұл боксшылардың екінші орта салмақтағы WBC International белбеуі үшін жекпе-жегі шоудың басты кездесулерінің бірі болады.

"Жекпе-жекке дейінгі кері санақ басталды", - делінген Головкиннің Instagram желісіндегі парақшасында.

Геннадий Головкин мен Стив Роллс көшеге шығып көз түйістірді

Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін шоудың басты оқиғасы болады. Шоу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 9 маусымда болады. Ахмедовпен бірге андеркартта жартылай орта салмақта жұдырықтасатын тағы бір қазақстандық Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) та рингке шығады, оның қарсыласы – Брайан Себальо (8-0, 4 КО).

Головкин үшін алдағы жекпе-жек DAZN стриминг қызметіндегі және Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен өтетін алғашқы кездесу.


Өзгелердің жаңалығы