"Келісім жасалды!" Головкин мен Шеремета жекпе-жегінің өтетін күні жарияланады

10 Қаңтар 2020, 15:14
71719
Бөлісу:
"Келісім жасалды!" Головкин мен Шеремета жекпе-жегінің өтетін күні жарияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий GGG Головкин мен польшалық былғары қолғап шебері Камил Шеремета арасындағы жекпе-жектің өтетін күні жақында жарияланады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxing Kingdom Twitter-аккаунты хабарлағандай, тараптар келісімді егжей-тегжейлі зерттеп, мақұлдасқан, енді тек өтетін күнін жариялау ғана қалды.  

Келісім жасалды! Геннадий Головкин - Камил Шеремета кездесуі. IBF міндетті қорғауы. Ресми хабарландыру жақын арада жарияланады, - деп жазылған Twitter желісіндегі парақшада.

Еске сала кетелік, Головкин мен Шеремета арасындағы өтуі тиіс жекпе-жек өткен жылдың күзінен бері айтылып келеді.  Қос боксшының келісімге келе алмай жүргені  жайлы әртүрлі алыпқашпа әңгімелер пайда болды. Тіпті жыл басында кездесу кейінге шегеріледі деген де сыбыс шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы