Головкин кезекті жекпе-жегіне дайындықты бастады

29 Қаңтар 2020, 19:30
1168
Бөлісу:
Головкин кезекті жекпе-жегіне дайындықты бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жекке дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы диетолог Джеймс Локвуд өзінің Инстаграмдағы парақшасында жариялады. Джеймстің парақшасындағы фотода Локвудтың өзі, Геннадий Головкин, оның жаттықтырушысы Джонатан Бэнкс, сондай-ақ қазақстандық боксшы Али Ахмедов бар.

 Жұмысқа оралдық, - деп жазды Локвуд.

Еске салайық, Головкиннің келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы - поляк Камиль Шеремета. Польшалық боксшы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионына үміткер.

Өзгелердің жаңалығы