Бас жаңалықтар
Головкиннің келесі қарсыласы кім
08 Шілде 2019, 15:07 394

Головкиннің келесі қарсыласы кім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Boxingnews24.com сайтының тұрақты авторларының бірі Тим Ройнер орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинді тағы да танымал емес боксшымен кездесуі мүмкін деп жазды.

Ройнердің пікірінше, қыркүйектегі Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өтпеген жағдайда Геннадий Головкин польшалық Еуропа чемпионы Камиль Шереметке қарсы бокстасады.

Стивен Роллспен жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жек өтпесе қыркүйекте орта салмақта жеңілмеген үміткрлермен кездескісі келетінін айтты. 

GGG қарсыласы WBC рейтингісінде үшінші тұрған Шамиль Шеремет болуы мүмкін. Оның есімі 8 маусымдағы Головкиннің болуы мүмкін қарсыластарының арасында  аталған болатын. 

Головкин DAZN Мексика жұлдызы Альвареске өзімен қайта кездесуге мәжбүр ету үшін қысым көрсетеді деп есептейді. Егер DAZN Головкин үшін жұмыс істесе, онда "Канело" клубымен қайта жекпе-жек өткізуге келісу үшін мықты біреумен бокстасудың қажеті жоқ. Ол Шереметпен кездескеннен кейін Альвареспен бокстаса алады.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық