Бас жаңалықтар
 Головкин – «Канело» ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақыты айтылды
21 Қазан 2020, 19:44 990

Головкин – «Канело» ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақыты айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин мен WBA мен WBC чемпиондық белбеулерінің иегері Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек келер жылы өтуі мүмкін. Бұл туралы Golden Boy промоутерлік компаниясының президеніт Эрик Гомес мәлімдеді.

Sky Sports басылымына сұқбат берген Golden Boy басшысы Головкин – Альварес трилогиясы әлемдегі коронавирус пандемиясының салдарынан 2021 жылға шегерілгенін айтты.

Біз үшінші жекпе-жек туралы келіссөз жүргіздік. «Канело» жұдырықтасуға дайын. Келер жылы үшінші жекпе-жекті өткіземіз деген сенімдемін. Қазір екеуі де трилогия қомақты қаржы әкелетінін түсініп отыр. Оған қоса жанкүйерлер бұл жекпе-жекті тағатсыздана күтуде, – деді Эрик Гомес. 
The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер боксшылар бірнеше ай бұрын үшінші жекпе-жек өткізуге келісіп қойғанын, Головкин – «Канело» ІІІ айқасы келер жылдың мамыр айына жоспарланғанын хабарлаған еді.  Үшінші жекпе-жекте «Канело» 45 миллион доллар сыйақы алады екен, ал Головкинің сыйақысы – 30 миллион долларды құрайды. 

Биыл қос боксшы бір ғана жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Күзде GGG поляк боксшысы Камила Шереметаға қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды. Жекпе-жек қазан не қараша айында АҚШ-та өтеді деп күтілуде. Ал Сауль Альварес екінші орта салмақта WBA супер чемпионы Каллум Смитпен жұдырықтасады. 

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегаста өтті. 2017 жылы өткен бірінші кездесуде боксшылар тең тарқасса, екінші айқаста «Канело» төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//