Головкин ІІМ-нің медалімен марапатталды

13 Желтоқсан 2019, 23:28
6843
Бөлісу:
Головкин ІІМ-нің медалімен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің мақтанышы Геннадий Головкин Ішкі істер министрлігінің медалімен марапатталды.

Ведомстводан хабарлағандай, Геннадий Головкин қазақстандық спортты дамытуға, халықаралық аренада еліміздің беделін арттыруға қосқан үлесі үшін  "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин өзінің әуесқой мансабында ІІМ Ішкі әскерлерінің спорттық командасының құрамында болған. 
 
Геннадий Геннадьевич, ішкі істер органдары үшін сіз бөтен адам емессіз. Біздің қатарымызда "бұрынғы әріптесіміз" деген болмайды. Ішкі істер министрлігі және жеке өзім сіздің кәсіби бокстағы даусыз табыстарыңызды, сондай-ақ Қазақстанда осындай ұлы спортшы бар екенін мақтан тұтамын. Жеңіске деген талпынысыңызбен және жігерлі рухыңызбен ІІМ-нің барлық жеке құрамына үлгі болып келесіз. Сізге жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін! - деді қазақстандық боксшыға медаль тапсырған министр Ерлан Тұрғымбаев.

Өзгелердің жаңалығы