Головкин биыл мол табысқа кенелуі мүмкін

9 Қаңтар 2019, 12:50
1489
Бөлісу:
Головкин биыл мол табысқа кенелуі мүмкін

Астана, baq.kz. Белгілі Forbes журналы 2019 жылы өтетін ең табысты бес жекпе-жектің тізімін жасады, - деп жазады Vesti.kz.

 Бұл тізімде орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) қатысуымен өтетін жекпе-жек те бар. Басылым болжамынша, WBC "уақытша" чемпионы америкалық Джермалл Чарломен (28-0, 21 КО) жұдырықтасу GGG-ге "зор табыс пен көптеген көреремен" әкеледі.

"Жоғары санаттағы орта салмақ боксшылары туралы айтсақ, Головкин - Чарло жекпе-жегі екі мәселенің бірін шешетін еді: Чарлоға элиталы боксшыны жеңуге мүмкіндік немесе Альварестен жеңілгеннен кейін Головкиннің карьерасына жан бітіреді. Чарло жақында Корбовты әзер жеңді, енді ол 160 фунтта мықты бәсекелес бола алама деген сұрақ туады. Головкин еркін агент Premier Boxing Champions компаниясымен келіссөздер жүргізді. Егер ол PBC-мен келісімшартқа отырса, (Чарло да осында) бұл жекпе-жек өтуі ықтимал", - деп жазады журнал.

Өзгелердің жаңалығы