Головкин әлем чемпионы атағын қашан қорғайды

3 Наурыз 2021, 06:31
2591
Бөлісу:
Головкин әлем чемпионы атағын қашан қорғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF  белбеуін жеңілмеген мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО) қарсы қорғайтын болды, деп хабарлайды RingPolska.

Мәлімет бойынша, жекпе-жек 7 мамыр күні Техас (АҚШ) штатында өтеді. Бұл кездесу туралы екі боксшының командасы бірнеше аптадан бері келіссөз жүргізіп жатыр.

Мунгия – бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы. Ол Головкиннің салмағында екі кездесу өткізген. Тарқатып айтсақ, Мунгия ирландиялық Гэри О’Салливанды кейін Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсонды жеңген.

Қазақстандық боксшы WBO чемпионы Деметриус Андрадемен кездесе алмайды. Себебі америкалық боксшы алдағы уақытта міндетті қарсыласы Лиам Уильямсқа қарсы кездесу өткізеді. 

Өзгелердің жаңалығы