Головкин - Альварес жекпе-жегі мамырда өтуі мүмкін

29 Желтоқсан 2020, 19:43
921
Бөлісу:
Головкин - Альварес жекпе-жегі мамырда өтуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта екі тұжырымның чемпионы Сауль «Канело» Альварес DAZN стримингтік жүйесімен 2021 жылдың мамырында өткізетін жекпе-жегіне қарсыластарын таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Boxingnews24 мәліметінше, «Канело» ақпанда WBC чемпионы Авни Йылдырыммен жұдырықтасады. Егер бәрі жақсы болса мамыр айында шаршы алаңға оралып, Геннадий Головкинмен қолғап түйістіруі мүмкін.

Бұдан бөлек «Канело» қарсылас ретінде екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс пен IBF чемпионы Калеб Плантты қарастырып отыр.

Өзгелердің жаңалығы