Бас жаңалықтар
Головкин 2021 жылдың мамырында рингке шығады
26 Желтоқсан 2020, 13:30 554

Головкин 2021 жылдың мамырында рингке шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой бокстан IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 KO) келесі жекпе-жегін 2021 жылдың мамыр айында өткізеді. Бұл туралы  Boxingnews24 хабарлады.

Оның қарсыласы жас мексикалық боксшы, бірінші орта салмақтағы экс-әлем чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) болады деп күтілуде.

Головкин 19 желтоқсанда АҚШ-та польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңген еді. Поляк кездесу барысында төрт рет нокдаун алып, 8-раундта рингке шығудан бас тартты.

24  жастағы Мунгия соңғы рет шаршы алаңға қазан айында шыққан. Ол 6-раундта Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсоннан (21-3-1, 15 KO) басым түскен.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//