Бас жаңалықтар
«ГОК» фильмінің үшінші бөлімі таныстырылды
11 Мамыр 2021, 20:29 329

«ГОК» фильмінің үшінші бөлімі таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ГОК» қысқа метражды фильмдер сериясының үшінші эпизоды ұсынылды. Қылмыстық драма жанрында түсірілген жоба Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық пен шенеуніктердің озбырлығы мәселелерін көркем картина арқылы жеткізуге тырысады.

«ГОК» жобасының продюсері – «El Freeman» фильміндегі режиссерлік жұмысы үшін Мадрид халықаралық кинофестивалінің лауреаты атанған Михар Сажле. Бүгінгі таңда коммерциялық емес жобаның төрт эпизодының үшеуін көрермен ғаламтор желісінен тамашалай алады. 

«ГОК» фильмдер сериясының сюжеті ҚР-дағы пайдалы қазбалардың бай кен орнын рейдерлік басып алу және шетелге сату әрекеттерімен байланысты қайғылы оқиғалар төңірегінде өрбиді.

Үшінші эпизод биліктің әрекеттерін зерттеуге назар аударады және Қытай бизнесмендеріне қазақстандық тау-кен байыту комбинатын меншігіне заңсыз сатып алуды ұсыну оқиғаларымен жалғасады. Ресейлік олигархтар, ұры шенеуніктер, жемқор судьялар - олардың әрқайсысы мәміледен өз үлестерін алады. Сонымен қатар, кәсіпорынның жүздеген қызметкерлері далада қалады, ал тау-кен байыту комбинатының құрылтайшысы мен директоры әділеттілік жолындағы күресте өз өмірлеріне қауіп төндіреді.

Концептуалды түрде, әр эпизод жемқор элита басқаратын үлкен қылмыстық жүйенің құрамдас бөлігіне айналған әртүрлі кейіпкерлердің оқиғасын егжей-тегжейлі қарастырады.

«ГОК-тың» үшінші бөлімінің бас кейіпкері Арман Кибраев (Нартай Сауданбекұлы) – оқиғалар орын алып жатқан Қазақстан өңірлерінің бірінің салық департаментінде жұмыс істейтін қарапайым конформист. Ол мансаптық өсуге қол жеткізу үшін аға меценаттарының қаржылық мүдделеріне орай фабриканы қасақана банкроттыққа ұшыратып, бірнеше жылдар бойы пайда табуға ықпал етуі керек.. Кәсіпорынды заңды иесінен алып қоюға тырысқанда, кейіпкер өзінің басшылығынан тиімсіз фактілерді мұқият жасырып қалады, сондай-ақ жалған тексерулер жүргізіп, 270 миллион долларлық салық төлемдерін ойлап табады. Бұл – үлкен күшке ие болған кішкентай адам туралы оқиға. Алайда бір күні бәрінің қайтарымын жасауға тура келеді…

«ГОК» жобасының өндірісімен американдық тәуелсіз Libertus Film кинокомпаниясы айналысуда. Барлық эпизодтардың режиссері-New York Film Academy-де білім алған және бірқатар қазақстандық және ресейлік жобаларды жасауға қатысқан Олжас Боялбаев (оның ішінде Black Star Inc., Pizza тобының рэпері Мотпен жұмыс істеген).

Жобаның продюсері - Михар Сажле. Бұған дейін Михар 30-дан астам халықаралық кинематографиялық және музыкалық жобаларды жасауға қатысқан. Мексикалық режиссер Антонио Чавес Трехомен бірге АҚШ-та түсірілген Михар Сажленің "Свободный" ("El Freeman") дебюттік режиссерлік жұмысы Мадрид халықаралық кинофестивалінде үздіктер қатарында марапатталды, сондай-ақ Amazon Prime online-платформасына шықты.

«ГОК» фильмдер сериясындағы рөлдерді белгілі қазақстандық актерлер Азиз Бейшеналиев («Ликвидатор», «Всемогущий», «28 панфиловцев»), Жан Байжанбаев ("Бизнес по-казахски", "Той любой ценой", "Рэкетир"), Еркебұлан Дайыров («Томирис», «Әміре», «Так сложились звезды»), Анатолий Креженчуков («Фара», «Дорога к матери», «Аманат»), Ерік Жолжақсынов («Томирис», «Ограбление по-казахски»), Ғани Құлжанов («Дневной Дозор», «Той любой ценой»), Азат Сейтметов («Той любой ценой», «Он и она»), Елжас Рахым («Зере», «Когда ангелы спят», «Должник», «Temptingfate») және т. б.

«ГОК» 4 эпизодтан тұрады, оларды көпшілік YouTube арнасынан кез келген уақытта көре алады. Жобаның соңғы эпизодының премьерасы ағымдағы жылдың шілде айында болады деп күтілуде.

Фильмдер сериясының алғашқы екі эпизоды 1 000 000-нан астам қаралды. Бүгінгі таңда олар «Честный взгляд» әлеуметтік онлайн жобасының YouTube арнасында да бар.


Фото: дереккөз
Загрузка...