Глубокоеде 160 пәтерлі екі тұрғын үй салынады – ШҚО

9 Қазан 2020, 23:50
1607
Бөлісу:
Глубокоеде 160 пәтерлі екі тұрғын үй салынады – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Глубокое кентінде құрылыс қарқынды. Жақында 60 пәтерлі тұрғын үй салынып біткен. Оның 15 пәтері көпбалалы аналарға беріледі.

Қалған пәтерлер әкімдік кезегінде тұрған жандарға беріледі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазір жеке кәсіпкерлердің есебінен екі пәтерлі 10 жер үй салынып жатыр. Олардың барлығы көпбалалы аналарға беріледі. Үйлердің ауданы – 100 шаршы метр.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Ордахановтың айтуынша, келесі жылы кентте 60 пәтерлі және 100 пәтерлі екі тұрғын үй салынбақ.

Қазір жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, сараптамадан өтті. Мемлекеттік бағдарлама арқылы салынып жатқан үйлер 2021 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр, – дейді бөлім басшысы.

Өзгелердің жаңалығы