Глубокое ауданында мәдениет үйлеріне жөндеу жүргізіледі – ШҚО

28 Шілде 2020, 23:15
1582
Бөлісу:
Глубокое ауданында мәдениет үйлеріне жөндеу жүргізіледі – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Глубокое ауданындағы мәдениет үйлерінің ғимараттары жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Altaynews.

Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Аймұқашев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Аудан басшысының айтуынша, Глубокое ауданында 15 мәдениет үйі бар екен. Олардың бірқатары 10-15 жылдан бері жөндеу көрмеген. Әсіресе, ғимараттың шатырларының әбден тозығы жеткен.

"Жұмыспен қамту жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында он мәдениет үйіне және бос уақытты ұйымдастыру орталықтарына қаражат бөлінді. Предгорное, Малубинка, Черемшанка, Прапорщиково ауылдарында және Алтайский кентінде жұмыстар толығымен аяқталса, қалғандарында жұмыс жалғасуда, - дейді Ерлан Аймұқашев.


Өзгелердің жаңалығы