Global Pharm. Елімізде алғаш рет фармацевтика индустриясын дамыту мәселесі талқыланды

28 Қазан 2021, 20:32
5237
Бөлісу:
Global Pharm. Елімізде алғаш рет фармацевтика индустриясын дамыту мәселесі талқыланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов фармацевтикалық индустрияны дамыту мәселелері жөнінде «Global Pharm» бірінші халықаралық форумының жұмысына қатысты. 

Іс-шараға «ҚР халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ өкілдері, дәрілік препараттарды әзірлейтін және өндіретін ірі шетелдік және отандық компаниялар, сондай-ақ IQVIA халықаралық талдау агенттігінің өкілдері қатысты. 

Global Pharm. Елімізде алғаш рет фармацевтика индустриясын дамыту мәселесі талқыланды

Форумды ашу сәтінде сөйлеген сөзінде Е. Тоғжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың фармацевтика саласын дамыту жөніндегі тапсырмасы шұғыл әрі тиімді шешімді талап ететін маңызды міндет екенін баса айтты. Премьер-Министрдің орынбасары өткен жылы қазақстандық фармацевтика нарығының көлемі 22%-ға өсіп, $1,5 млрд құрағанын атап өтті. 

Бұл ретте елімізде «Polfarma» (Польша), «Фармстандарт» (Ресей), «Abdi Ibrahim» (Түркия), «Favea» (Чехия) және басқа да шетелдік компаниялар өз өндірісін құрып, заманауи технологияларды енгізуде. 

Global Pharm. Елімізде алғаш рет фармацевтика индустриясын дамыту мәселесі талқыланды

Форумда COVID-19 инфекциясына қарсы алғашқы қазақстандық вакцина «QazVac» препаратын әзірлеп шығарған «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының» Бас директоры Күнсұлу Закария сөз алды. Ол форумға қатысушылармен жаңа қазақстандық препараттарды әзірлеу жоспарларымен бөлісті. 

Сондай-ақ форум аясында Е. Тоғжанов фармацевтикалық компаниялар – «Джонсон & Джонсон» ЖШҚ, Merck KGaA, «ЭббВи Биофармасютикалс», «Санофи-Авентис Групп», «РОШ Қазақстан» ЖШС, Novo Nordisk Kazakhstan LLP, «ҚР халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ өкілдерімен, сондай-ақ отандық тауар өндірушілермен кездесті. 

Global Pharm. Елімізде алғаш рет фармацевтика индустриясын дамыту мәселесі талқыланды

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстанның фармацевтика саласына технологиялар трансферті арқылы өндірісті жергіліктендіруге өзара ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірді.

Өзгелердің жаңалығы