Гинцбург коронавирус штаммы күшейетіні туралы ескертті

14 Маусым 2021, 18:37
1586
Бөлісу:
Гинцбург коронавирус штаммы күшейетіні туралы ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдегі Н.Ф. Гамалея атындағы орталықта коронавирустың өзгерген штаммдарының түзілуіне алып келетін жағымсыз үрдіс туралы хабарланды. Орталықтың директоры Александр Гинцбургтың сөзіне сенсек, бұған халықтың вакцина алу қарқынының төмендігі себеп болып отыр.

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Вакцинаны неғұрлым тезірек және барлық азаматтың алғаны дұрыс, бұл, әсіресе, үнемі көпшілікпен жұмыс істейтін адамдар үшін маңызды. Егер халықтың жартысы екпе салдырып, жартысы салдырмаса, құрамы өзгеріске ұшыраған штамдардың қалыптасу процесінің күшеюіне алып келуі мүмкін, – деп түсіндірді Гинцбург.

Бұрын Гамалея атындағы орталық директоры Ресейде коронавирустың көптеген жеке штаммы бар деген болатын. Мұны айқындауға штаммдарды мониторингілеу жүйесі көмектескен. Ғалымдар олардың қасиеттеріне зерттеу жүргізіп жатыр.

 


Өзгелердің жаңалығы