GGG өзіне қолдау білдірген Джек Маға алғыс айтты

10 Маусым 2019, 14:12
1435
Бөлісу:
GGG өзіне қолдау білдірген Джек Маға алғыс айтты

Алматы, BAQ.KZ.  Геннадий Головкин өз жанкүйерлеріне алғысын айтты.

Спортшының жанкүйерлері қатарында қытайлық миллиардер Джек Ма да бар. Ол кеше Нью-Йоркте өткен GGG мен Роллс жекпе-жегіне Головкинге қолдау білдіру үшін арнайы ұшып келген. 

Кездесу біткен соң Головкин Қытайдың ең бай адамына қолдау білдіргені үшін алғысын айтты.

«Қолдау білдіргеніңіз үшін сізге көп рахмет мистер Ма. Сізді көргеніме әрдайым қуанышытымын», - деп жазды спортшы инстаграмдағы парақшасына.

Еске салсақ, 9 маусым күні Нью-Йоркте Геннадий Головкин бұған дейін еш жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен жұдырықтасып, төртінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Өзгелердің жаңалығы