Бас жаңалықтар
Құлдырау мен әлсіздік. The Mirror басылымы GGG-дің «Канеломен» үшінші кездесуіне баға берді
01 Қаңтар 2019, 15:40 225

Құлдырау мен әлсіздік. The Mirror басылымы GGG-дің «Канеломен» үшінші кездесуіне баға берді

Алматы, baq.kz. The Mirror газеті боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Саул Альварес арасында өтуі мүмкін үшінші кездесуге пікірін білдірді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

«Головкин «Канеломен» үшінші кездесу өткізем деп жүргенде 37 жасқа толды. Қазір ол құлдырауда және өз мәнсабының әлсіреу кезеңіне өтуде. Көпшілік 2019 жылы олар қайта кездесетін болса «Канело» үш судяның шешімін қазірден қамтамасыз етіп қойды деп санайды. Ал, Головкин бұрынғы дүлей күшін қайтара алама?»,-деп жазады басылым.

Еске салсақ, «Канело» мен GGG алғашқы жекпе-жегі тең аяқталған, ал екінші кездесуде мексикалық әділқазылардың басым дауысымен жеңіске жеткен еді.

Сізден жаңалық