Биатлоннан әлем кубогі: Ерлер арасындағы жекелей бәсеке аяқталды

21 Қаңтар 2021, 04:45
1239
Бөлісу:
Биатлоннан әлем кубогі: Ерлер арасындағы жекелей бәсеке аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Арбер аймағында биатлоннан әлем кубогінің екінші кезеңінің кезекті жарыс күні аяқталды. Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады.

Кеше, 20 қаңтар күні ерлер жекелей сайыс бойыша 15 км қашықтықта өзара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық Сергей Сирик 89-шы, Әсет Дүйсенов 121-ші, Дастан Делдеш 125-ші, Бекентай Тұрлыбеков 141-ші болса, Максим Браун жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетерлігі, аталған санат бойынша норвегиялық Эндре Строемшем үздік атанды. Германиялық Филипп Наурац екінші болса, Норвегия өкілі Александер Андерсен үздік үштікті қорытындылады.

Өзгелердің жаңалығы