Германиялық компаниялар Қазақстанмен ынтымақтастықтың келешегін зерттеді

29 Қыркүйек 2020, 20:52
1024
Бөлісу:
Германиялық компаниялар Қазақстанмен ынтымақтастықтың келешегін зерттеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неміс және қазақстандық кәсіпкерлердің, сондай-ақ, қазақстандық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен виртуалды байланыс-кооперациялық биржасының кезекті сессиясы өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

Бұл іс-шараның биыл сәуір айында өткізілуі жоспарланған болатын, алайда, Covid-19 жаһандық пандемиясына орай кейінге қалдырылды.

Осындай диалог алаңдарын онлайн форматта жүргізу тенденциясы, біздің елдеріміздің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған сындарлы диалогқа тараптардың бейілділігін көрсетеді.

ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов өз сөзінде инвестицияларды тарту және қорғау мемлекеттің басым парадигмасы болып табылатыны туралы хабардар етті, соның негізінде Қазақстанда бизнес жүргізудің жаңа тәсілдері қалыптастырылып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мен нығайтуға жаңа бағыттар ашылуда.

Дәстүрлі түрде стратегиялық әріптестік рухына сәйкес Германия Қазақстанның тығыз экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық байланыстары орнатылған, Еуропаның негізгі елдерінің бірі болып саналады. Нәтижесінде, онлайн кездесуге қатысушылар өнеркәсіп, оның ішінде өндіруші сала, энергетика және ЖЭК саласындағы перспективалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін сәтті талқылады. 

Өзгелердің жаңалығы