Германияда соңғы тәулікте вирус жұқтырған адамдар 7 мыңнан асты

18 Қазан 2020, 08:40
1339
Бөлісу:
Германияда соңғы тәулікте вирус жұқтырған адамдар 7 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда коронавирусты жұқтырғандар күн сайын артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте вирус 7 мың 830 адамнан анықталды. Бұл – індет таралғалы ең жоғарғы бір күндік көрсеткіш. Роберт Кох институты дертке шалдыққандар күніне 10 мыңнан асса, кей аймақтар карантинге жабылуы мүмкін деп отыр. Бірақ билік жаппай карантин енгізілмейтінін айтып, тыйымдарды қатаңдатумен шектелуде. Мысалы, бірқатар қаланың орталық көшелерінде бетперде тағып жүру тәртібі енгізілді. Кельнде полицейлер адамдар көп жиналған жерлемен қатар көлікте де бетперде кию керек. Билік халықтан әлеуметтік арақашықтықты сақтап, шектеулерді орындауды сұрауда. 
Елде вирусты жұқтырғандар саны тез өсіп жатыр. Сондықтан қызметкерлерімізді қорғау үшін бетперде киіп жүру тәртібін енгіздік. Көшеде полицейлер арақашықтықты сақтау мүмкін болмаса, бетперде тағып жүруі тиіс, - дейді Кёльн қаласы полициясының баспасөз хатшысы Вольфганг Бальдес.

Өзгелердің жаңалығы