Германияда респиратор қоймасы тоналды

27 Қаңтар 2021, 15:10
1267
Бөлісу:
Германияда респиратор қоймасы тоналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда респиратор қоймасы тоналды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Әлдекімдер медициналық бұйым сақтайтын 10 контейнерді ұрлап әкеткен. Оқиға Гютерсло қаласының іргесінде болған. Ұрланған тауардың құны 40 мың еуроға бағаланып отыр. Қоймада FFP2 респираторлары сақталған екен. 

Қазір Германия билігі тұрғындарды бетперденің дәл осы түрін тағуға міндеттеу мәселесін қарастырып жатыр. Өйткені басқаларымен салыстырғанда оның коронавирустан қорғау деңгейі жоғары. Тиісті ереже Баварияда күшіне енген. Көрші Австрияда да 25 қаңтардан бастап тұрғындар респиратор тағуға міндеттелді.



Өзгелердің жаңалығы