Германияда екпеден бас тартқандар жұмысынан шығарылды

25 Қаңтар 2021, 14:19
1191
Бөлісу:
Германияда екпеден бас тартқандар жұмысынан шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан шығарылды, деп жазды «Хабар 24». 

Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме директоры әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де осыған үндеген. Алайда 7 бірдей қызметкер вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген. 

Германияда коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу, желтоқсан айының соңында басталған болатын. Бір ай ішінде препараттың бірінші дозасын, 1 миллион 200 мыңнан аса адам алды. Екінші дозасының өзін 25 мыңдай тұрғын қабылдап үлгерген.

Өзгелердің жаңалығы