Германияда бірқатар мектеп жабылды

13 Қыркүйек 2020, 13:29
1820
Бөлісу:
Германияда бірқатар мектеп жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда коронавирусты жұқтыру саны күрт артып кетті, деп жазды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте 1630 науқас анықталды. Індет босқындар тұратын жатақханаларға да тарап кеткен. Салдарынан екі баспана карантинге жабылды. Елде оқу жылы әдеттегі жоспар бойынша басталды. Алайда коронавирус тіркелгеннен кейін үш өңірде бірнеше мектепті жабуға тура келді. Мәселен, Фрайштадт қаласының оқу орындарының бірінде дертті 44 мұғалім мен 66 оқушы жұқтырып алды. Осыдан кейін 1000-нан аса оқушыны карантинге жіберді.

Билік өкілдері тұрғындарды маска тағып, арақашықтық сақтауға шақырып отыр. Алайда полицияның мәліметінше, күн сайын қоғамдық көлікпен қатынайтын 4 мыңдай адам бетпердесіз жүреді екен. Заң бойынша оларға 250 еуро көлемінде айыпұл салынады. 
Халық көп жиналатын жерлерден аулақ жүруге тырысамын. Бірақ ережені елемейтін адамдарды көп байқаймын. Олар ойын-сауық кештерін ұйымдастырып, шектеу шараларына қарсы шерулерге шығып жүр. Мұны бейбастақ қылық деп санаймын, - дейді Франкфурт қаласының тұрғыны.

Өзгелердің жаңалығы