Германия тұрғындары AstraZeneca вакцинасынан жаппай бас тартуда

28 Ақпан 2021, 20:44
1898
Бөлісу:
Германия тұрғындары AstraZeneca вакцинасынан жаппай бас тартуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақтың құрамындағы басқа елдер сияқты Германияда AstraZeneca вакцинасын 65 жасқа дейінгі азаматтарға салуға кеңес берілген.

Германияның бірнеше федералды өңірінің премьер-министрлері AstraZeneca вакцинасын көпшілікке бірдей салынуын талап етуде. 

Spiegel хабарлағандай, Германияда екпе алғашқы болып салынатын топтар анықталған. Алайда ол адамдардың көбісі AstraZeneca препаратымен вакцинацияланғысы келмейтін көрінеді. 

Бұл жағдайға алаңдаған премьер-министрлер аталған вакцина дозалары қолданылмай жатса, қалған адамдар өз кезегін күтіп қалады деп алаңдаушылық білдіруде. 

Еуроодақтың құрамындағы басқа бірқатар ел сияқты Германияда AstraZeneca вакцинасы 65 жасқа дейінгі адамдарға салуға кеңес берілген. Дегенмен қауіп-қатер тобындағы азаматтар бұл вакцинаны еккізгісі келмейді. Оған аталған вакцина Pfizer-BioNTech немесе Moderna тәрізді вакциналарға қарағанда тиімділігінің төмендігі себеп. Бұдан бөлек AstraZeneca вакцинасының кері әсерлері көп деген наразылығын білдіруде, - делінген хабарламада. 

Өткен аптаның ортасындағы жағдай бойынша Германияда 1,4 млн AstraZeneca вакцинасының тек 239 мыңы ғана қолданылған.
 
Бавария премьері Маркус Зьодер қоймада қолданылмай жатқан дозаларды вакцинацияланғысы келетіндердің бәріне салуға шақырды.

Зьодердің пікіріне Баден-Вюртемберг премьері Винфрид Кречманн және Саксония премьері Михаэль Кречмер де қосылды.

Соңғы сауалнамадағы деректерге сүйенсек, немістердің 34%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны мүлдем салдырмайтынын жеткізген.

Өзгелердің жаңалығы