Бас жаңалықтар
Германия эпидемия режимін шілдеге дейін ұзартпақ
05 Наурыз 2021, 15:00 382

Германия эпидемия режимін шілдеге дейін ұзартпақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бундестаг депутаттары Үкіметтің эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жылдам жауап бере алатын заң жобасын көпшілік дауыспен қолдады.

Германия билігі коронавирусқа байланысты ұлттық деңгейде енгізілген эпидемия режимін 30 маусымға дейін ұзартты.  Бұл туралы 4 наурыз күні Парламент отырысы Бундестаг сайтында жарияланды.

Тиісті шешім үшін 368 депутат дауыс берді, қарсы болғандар саны - 293.

Эпидемия режимі Германия Үкіметіне парламент пен федералды штаттар палатасының арнайы рұқсатынсыз елде қолданыстағы шектеулерді ұзартуға немесе жаңа шектеулер енгізуге мүмкіндік береді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Германияда бүгінде 2,5 миллионға жуық COVID-19 оқиғасы тіркелген, оның 2,3 миллионы жазылып шықса, 71,8 мыңы қайтыс болды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...