Геннадий Головкин WBA рейтингінде көш бастады

1 Наурыз 2019, 12:50
2053
Бөлісу:
Геннадий Головкин WBA рейтингінде көш бастады

Астана, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ санаты бойынша боксшылардың жаңа рейтингін жариялады. Бұл туралы Sports.kz-ке сайты жазды.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы жаңа рейтинг бойынша 15-орнын сақтап қалды.

Осы санаттың үздіктер үштігін британиялық Джон Райдер, ресейлік Федор Чудинов және тағы бір британиялық боксшы Кіші Крис Юбэнк түйіндеп отыр.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2-орыннан 1-орынға көтерілді, одан кейінгі орындарда поляк спортшысы Камил Шеремета мен америкалық Брэндон Адамс тұр.

Ал қазіргі «суперчемпион» мексикалық Сауль «Канело» Альварес болса, «қарапайым» чемпион - АҚШ өкілі Роб Брант.

Бірінші орта салмақ санатында Нұрсұлтан Жаңабаев 15-сатыда қалды. Осы топты британиялық Келл Брук бастап тұр. Екінші орында - кубалық Эрисланди Лара, ал үшінші - америкалық Джермелл Чарло.

Өзгелердің жаңалығы