#ГендерLIKE. Ерлі-зайыптылар ажырасса да, әке-шешенің ажыраспағаны абзал

28 Мамыр 2021, 11:56
11050
Бөлісу:
#ГендерLIKE. Ерлі-зайыптылар ажырасса да, әке-шешенің ажыраспағаны абзал
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Гендерlike» интернет жобасының кезекті шығарылымында алимент төлеу мен ажырасу, ата-ана мен ерлі-зайыптылардың бала алдындағы міндеті, ерлі-зайыптылар мен әке-шешенің ажырасуындағы айырмашылық тақырыптары талқыланды. 

Бағдарлама қонақтары – Нұр-Сұлтан қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Ерлан Пернешұлы және психолог Нұргүл Молдабайқызы. 


«ГендерLIKE» жобасы – гендерлік теңсіздік, әйел бақыты, нәзік жандылардың отбасы мен мансапты бірге алып жүруі, салт пен заман қарама-қайшылығы, махаббат төңірегінде тосылмай, өткір мәселелерді талқылайтын еркін алаң. Айтыла бермейтін, шағын және болмашы дүниелер де біздің назарда.

Айта кетейік, жобамыздың осыған дейінгі шығарылымында Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова және тележүргізуші Әнуар Карбозовпен әйелдің тұлға болып қалыптасуының маңызы, ер мен әйелдің арасындағы үйлесімдік, ененің көңілін табу, қыз бен ұлдың тәрбиесі, отбасы бақыты сынды тақырыптар талқыланған еді.

Өзгелердің жаңалығы