#ГендерLIKE. Ене VS келін. Ұрпақтарды сабақтастыруға бола ма?

28 Қазан 2020, 14:32
3785
Бөлісу:
#ГендерLIKE. Ене VS келін. Ұрпақтарды сабақтастыруға бола ма?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Гендерlike» интернет жобасының кезекті шығарылымында келін мен ененің қарым-қатынасы, қыз бен жігіттің қоғамдағы міндеті мен «салмағы», жігіттердің түсінігі сынды тақырыптар талқыланды. Жоба қонақтары – «Әдемі-ай» компаниясының директоры Баһаргүл Төлегенқызы мен блогер, журналист Перизат Көшкінбаева. 


«ГендерLIKE» жобасы – гендерлік теңсіздік, әйел бақыты, нәзік жандылардың отбасы мен мансапты бірге алып жүруі, салт пен заман қарама-қайшылығы, махаббат төңірегінде тосылмай, өткір мәселелерді талқылайтын еркін алаң. Айтыла бермейтін, шағын және болмашы дүниелер де біздің назарда.

Айта кетейік, жобамыздың осыған дейінгі шығарылымында жасандылық, тұлғалық ерекшеліктер, қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас, таптаурындарды бұзу сынды мәселелер талқыланды. Жоба қонақтары психолог Сымбат Әбдірахман және отандық тележүргізуші Қайырбек Баймырза болған еді.

Өзгелердің жаңалығы