Газбен жүретін көлікті тұраққа заңсыз қойғандар қанша айыппұл төлейтіні белгілі болды

14 Ақпан 2020, 18:08
1661
Бөлісу:
Газбен жүретін көлікті тұраққа заңсыз қойғандар қанша айыппұл төлейтіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 340 мың газ орнатқан машиналар бар екен.

Кейбір жүргізушілер кез келген жерге барып көліктеріне заңсыз газ қондырғысын орнатып алады. Мұны қандай орган қадағалайды және жабық типтегі тұраққа газбен жүретін көлікті рұқсатсыз қойған азаматтар қанша айыппұл төлейді? Бұл сұрақтарға төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер бүгінгі брифинг барысында жауап берді. 

Газ қондырғысын заңсыз орнатуға болмайды. Заңсыз орнатқан азаматтар ол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Көлік иесі өз машинасын қайта жабдықтауға рұқсат алуы тиіс. Техникалық төлқұжатта арнайы белгі қойылады. Жол полициясы қызметкері егер сізді тоқтатқанда, машина газбен жүретіні анықталып, алайда құжатта газбен жүреді деген арнаулы бекітілген белгісі болмаған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылады, - деп түсіндірді Владимир Беккер. 

Газ қондырғысын орнататын заңды тұлғалар, яғни компаниялар 2013 жылға дейін арнайы лицензиямен жұмыс істейтін болған. Енді 2013 жылдан бастап олар лицензиясыз-ақ көліктерге газды орнатып жүр. Осыған қатысты Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы жауап берді. 

Шынымен де бұл орнату қызметіне бүгінде лицензия берілмейді. Ең бірінші, газбен жүруге көшу үшін көлікті қайта жабдықтау бойынша Жол полициясы органдарынан арнайы рұқсат алуы тиіс екенін қайталап айтамын. Орган не істеу қажет деген арнайы қорытындыны береді. Онда орындалуы тиіс міндеттердің тізімі көрсетілген. Сертификатталған және аккредиттелген зертхана қолданыстағы заң талаптарына сай орнатылған деген тиісті қорытындыны береді. Ол зертханалардың жұмысын Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу комитеті қадағалайды, - деді комитет басшысы. 

Тиісті комитеттің төрағасы Владимир Беккердің сөзіне сүйенсек, егер газбен жүретін автокөлік жабық типтегі тұраққа заңсыз қойылса, көлік иесі 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде, яғни 12 мың 80 теңге айыппұл төлейді. 

Ал, егер көлік иесі заңсыз тұраққа кірген бойда ұсталса, яғни ешқандай өрт шықпаса, онда оған хаттама толтырылып, әкімшілік жауапқа тартылады, - деп мәлім етті спикер.
Өзгелердің жаңалығы