Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирден ұшаққа отырды

11 Маусым 2021, 11:31
1245
Бөлісу:
Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирден ұшаққа отырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар бар ұшақтар Каирден ұшып кетті, деп жазды РИА Новости

Газа секторынан эвакуацияланған Ресей, Қазақстан және Украинаның 112 азаматы бар екі ұшақ Каир халықаралық әуежайынан ұшып кетті. Жүзден астам адам Газа секторынан Мысырға 11 маусымда түстен кейін Рафах шекара бекеті арқылы өтті. Шекарадан Мысырдың астанасына Ресей елшілігі қызметкерлерінің көмегімен жеткен. 

Айта кетейік, бұл Газа секторынан азаматтарды эвакуациялау бойынша екінші операция. 

Израиль мен Газа секторы арасындағы шекарадағы жағдай 10 мамырда кешке қарай ушығып кеткен. БАҚ-тың соңғы ақпараты бойынша, Израильде 12 адам қаза тапты, 50-ден астамы ауыр жарақат алды. Ал ЦАХАЛ-дың қарсы әуе шабуылдары кезінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 243-ке жетті. 

Жалпы 20 мамырда кешке Израильдің Қауіпсіздік жөніндегі министрлер кабинеті Мысырдың Израиль-Палестина қақтығыс аймағында екі жақты атысты тоқтату туралы бастамасын ешқандай шартсыз бірауыздан қабылдаған.


Өзгелердің жаңалығы