«Гауһар лига»: Рыпакова жетінші орынды қанағат тұтты

12 Шілде 2019, 17:25
2063
Бөлісу:
«Гауһар лига»: Рыпакова жетінші орынды қанағат тұтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Монакода жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасы» турнирінің тоғызыншы кезеңі аяқталды.

Жеңіл атлетикадағы ең беделді коммерциялық турнирге Қазақстан атынан қатысқан Ольга Рыпакова үш қарғып секіру сайысында жетінші орынды қанағат тұтты. 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионының ең үздік нәтижесі – 14.31 метр.

Бұл сында венесуэлалық Юлимар Рохастың бағы жанды. Ол 14.98 метрді бағындырды. Екінші орында кубалық Лиадагмис Повеа. Үштікте ямайкалық Шаньека Рикеттсбар бар. 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Катерине Ибаргуэн алтыншы орынды қанағат тұтты. 

Монако. «Гауһар лига». Үш қарғып секіру. 9-кезең. Әйелдер:

1. Юлимар Рохас (Венесуэла) – 14,98
2. Лиадагмис Повеа (Куба) – 14,71
3. Шаньека Рикеттс (Ямайка) – 14,67

...
6. Катерине Ибаргуэн (Колумбия) – 14,33
7. Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14.31
Өзгелердің жаңалығы