Ғарыштық мониторинг. Еліміздегі ауыл шаруашылығының жерлері қалай бақыланады?

6 Желтоқсан 2021, 17:39
1664
Бөлісу:
Ғарыштық мониторинг. Еліміздегі  ауыл шаруашылығының жерлері қалай бақыланады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлімдеді.

Әрине, ғарыштық мониторинг міндеті - сараптама жасау. Ауыл шаруашылығында қанша жер егілді, оны қашан жинайды сондай-ақ қай шаруашлық өз ісін дұрыс атқарып отыр немесе әлде өз дәрежесінде атқармай жүр, міне осындай ақпараттарды біз саланың құзыретті органдарына жібереміз. Бұл жерде мен ғарыштық мониторингтің сараптамасынан кейінгі нәтижелер туралы айта алмаймын. Себебі ол біздің қолымызда емес, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен қатар «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ кеңістіктік деректер департаменті директорының орынбасары Өскен Тойшыбеков ғарыштық мониторингтің нақты қандай міндеттер атқаратынына тоқталды.
Біз үнемі ел аумағында ғарыштық мониторинг жүргізіп отырамыз. Бұл арқылы жылдан жылға қандай тенденция жүріп жатқанын аңғаруға болады. Біз берген деректердің негізінде мемлекеттік органдар өз жоспарларын құрып, алдын алу іс-шараларын жасайды. Біз алдын ала нақты болжай алмаймыз. Алайда, көпжылдық деректердің негізінде қорытынды жасаймыз, - деді Өскен Тойшыбеков.
Өзгелердің жаңалығы