"Гарант-24" ломбардының қожайындары қай жақта жүруі мүмкін екені айтылды

26 Ақпан 2020, 13:54
1340
Бөлісу:
"Гарант-24" ломбардының қожайындары қай жақта жүруі мүмкін екені айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов – Қаржы пирамидасының екі құрылтайшысы Ресей мен Қырғызстан аумағынан іздестіріліп жатқанын айтты.

Қазіргі уақытта осы қаржылық пирамидалардың негізін қалаушылардың екеуі Қазақстаннан тыс жерде "бой таласады" деген жедел ақпарат бар. Олардың орналасқан жерін анықтау үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылып, іссапарға жіберілді. Қазіргі уақытта ол екеуі Ресей мен Қырғызстанда болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті. Егер ұсталып, қылмыстары дәлелденсе, алаяқтықтары үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - Санжар Әділов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.

Оның айтуынша, негізгі құрылтайшылар, яғни 12 күдікті халықаралық іздеуге жарияланған.

Олардың біразы азаматтардың шағымы түскенге дейін Қазақстан аумағынан тыс жерде жасырынып үлгерген. Күн сайын қылмыстық жауапкершілікке тартылатын күдіктілер саны артып жатыр. Тұрғындардан алынған қаржының негізгі бөлігі қолма-қол ақша күйінде жиналған. Қаржылық мониторинг комитетімен, бас прокуратурамен бірлесе жымқырылған қаржыны іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз. Бүгінде іздестіру шаралары барысында 40 млн теңге тәркіленді. Тергеу органдарымен 21 пәтерге, 3 үйге, 30-дан астам автокөлікке тыйым салынды, - дейді тергеу департаментінің басшысы.
Келтірілген жалпы шығынның сомасы 5 млрд теңгеден астам екен. Осыған байланысты 22 қылмыстық іс қозғалған. Бұл Гарант 24", "Estate Ломбард"және "Выгодного займ" атты үш қаржылық ұйымға қатысты.

Бұған дейін, Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаржы пирамидасын құрып жүрген ломбардтардың жарнамасына түскен әлеуметтік желідегі танымал адамдарды полиция шақыртып, тергеу жүргізетінін айтты.

Еске салсақ, ақпанның аяғында Ақтөбеде "Гарант 24 ломбард" қаржылық ұйымының салымшылары компания алдында шу шығарды. Қаржылық ұйымға алданғандар ломбард кеңсесінің табалдырығын тоздырып, ақшаларын қайтара алмай әуреге түскен болатын.

Артынша Алматы қаласында "Гарант 24" және Estate ломбардтарының өңірлік директорлары "қаржылық пирамида құрды" деген күдікпен тұтқындалған болатын.

"Гарант-24" ломбардының жарнамасына түскен қазақстандық жұлдыздар әшкере болған компанияның алаяқтық әрекеттеріне қатысты пікір білдіріп, олардың артынан еріп барып, алданып қалған халықтан кешірім сұрады.

24 ақпан күні "Гарант 24" ЖШС мен "ESTATE Ломбард" ЖШС Павлодар облыстық директорлары уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.
Өзгелердің жаңалығы