"Гарант 24" ломбарды Ақтөбеде 11 мыңға жуық адаммен келісімшарт жасасып үлгерген

24 Ақпан 2020, 18:44
1454
Бөлісу:
"Гарант 24" ломбарды Ақтөбеде 11 мыңға жуық адаммен келісімшарт жасасып үлгерген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында қаржы пирамидасымен айналысқан ЖШС анықталып, тергеу жүргізілуде, деп хабарлады Polisia.kz. 

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында "Гарант 24 ломбард" ЖШС-нің заңсыз әрекеттеріне Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (Қаржы пирамидаларын құру және басқару) бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Аталған ЖШС Қаржы пирамидасына арналған әдіс бойынша "үстеме пайда" алуды ұсынды, сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен автокөлікті нақты нарықтық құнынан 30%-ға дейінгі баға бойынша сатып алумен, кейіннен нарықтық бағадан 30%-ға дейінгі баға бойынша сатумен айналысқан. Сонымен қатар, әрбір тартылған клиент үшін салымшыға оның салымы сомасының 5%-на дейін төлем кепілдендірілді, - делінген ведомство хабарламасында.

"Гарант 24 ломбард" ЖШС Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген, құрылтайшысы ҚР азаматы. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында "Гарант 24 ломбард" ЖШС өз қызметін азаматтардың ақшасын тарту есебінен жүзеге асырған. Кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде орындамай, қайта бөлу арқылы жүзеге асыратыны анықталды, яғни іс жүзінде қаржылық (инвестициялық) пирамида болып табылады, оның нәтижесінде теріс әлеуметтік салдарға әкеп соғуы мүмкін, себебі қолда бар мәліметтер бойынша тек Ақтөбе облысының аумағы бойынша 10-ға жуық адам тартылған. 

Осы жылы ЖШС-нің кеңсесінде сыйақылар төлеу тоқтатылды. Осыған байланысты 21 ақпан сағат 10-дар шамасында кеңсе жанында 100-150 адамнан құралған топ жиналып, кеңсе есігін бұзып кірген. Келген полиция қызметкерлері алдын ала әңгіме жүргізіп, оқиға болған жерді қарап, оның барысында оргтехника, сондай-ақ азаматтар мен "Ломбард 24 гарант" ЖШС арасында 11 мыңға жуық келісімшарт тапты, - делінген таратылған ақпаратта.

"Ломбард 24 гарант" ЖШС Ақтөбе филиалы басшысының орналасқан жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.  

Өзгелердің жаңалығы