Ғалымжан Мелдешов жаңа қызметке тағайындалды

8 Мамыр 2019, 11:16
3437
Бөлісу:
Ғалымжан Мелдешов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ғ. Мелдешов 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Түрлі жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген: «Түркістан» халықаралық газетінде, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Маңғыстау Медиа» ЖШС-де басшылық қызметтерді атқарған.

2016–2018 жылдары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 

2018 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

Өзгелердің жаңалығы