Бас жаңалықтар
Ғалымдардың құқықтық-сараптамаға қатысу тәртібі өзгереді
16 Сәуiр 2021, 12:50 172

Ғалымдардың құқықтық-сараптамаға қатысу тәртібі өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК директоры Рамазан Сарпеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да нормашығармашылық саласындағы реформа туралы өткен брифингте айтты.

ҚР кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармамашылық жетілдіру мәселелер туралы өзгерістер мен толықтулар енгізу туралы заң аясында қолданыстағы 9 заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде 8 қолданстағы заң, біреуі кодекс, - деді Сарпеков.

Ол атағандай, енгізілген өзгерістердің барлығы 2016 жылы қабылданған ҚР-ның құқықтық актілері туралы заңның жетілдіру мәселесін көздеген.

Оның ішінде кәсіпкерлікке, Әділет министрлігінің өкілеттігіне байланысты және құқықтық актілерге қатысты заңға қатысты дүниелер бар. Осы жұмысты әрі қарай жүргізіп алып кету үшін заңды қабылдадық. Заң күшіне 26 наурыз күні енді. Енді соның кейбір нормалары мен тетіктерін іске асыру үшін Үкіметтің қаулы жобасы мемлекеттік органдар арасында келісіліп жатыр, - деді ол.

Сарпеков бүгінгі таңда сараптама жүргізетін сарапшылар мен құқықтық сараптама өтккізетін адамдар тізімі мен міндеттерін, құқықтарын, құжаттары қалай жүзеге асырылатынын анықтайтын құжаттар әзірленіп жатқанын айтты.

ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институтның директоры бекітетін құжаттар әзірленіп жатыр. Қазір екінші кезеңде келісімнен өтті. Ол қабылданған соң тікелей сонымен айналысатын боламыз. Институт аталған заң мен үкіметтің қаулысының талабы бойынша өкілетті орган болып табылады. Сондықтан негізгі ұйымдастырудың барлығы біздің институтқа жүктеліп отыр. Биылға жылға дейін еліміздегі құқықтық сараптаманы өткізудің талабы басқаша болған. Ғылыми мекемелер мен ЖОО тендерге қатысу арқылы ұтып алып отырған. Яғни бір мекеменің ғалымдары қатысатын. Қазір Қазақстанның кез келген өңірінен ғалымдар қатыса алады. Оның ғылыми дәрежесі немесе 10 жылға дейінгі еңбек өтілі болса жеткілікті. Арыз-шағымын бізге тапсырады, біз тізімге енгіземіз, тиісті сала бойынша құқықтық сараптамаға қатысады, - деді ол.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...