Ғалымдар түнгі жұмыс әйелдерге неліктен зиян екенін айтты

29 Мамыр 2021, 11:31
9015
Бөлісу:
Ғалымдар түнгі жұмыс әйелдерге неліктен зиян екенін айтты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грек ғалымдары әйелдердің түнде жұмыс істеуі зиян деген қорытындыға келді.

Олардың зерттеу жұмыстары The Sun басылымында жарияланды.

Мамандар өз жұмысын Эндокринологтардың еуропалық конгресінде ұсынды. Айтуларынша, түнде жұмыс істейтін әйелдер арасында эндометриоз дертінің туындау қаупі жоғары екен. Бұл организмдегі ішкі биологиялық сағаттардың өзгеріп кетуі салдарынан болады. Негативті өзгеріске енген гендер қалыптасып, олар эндометрий жасушаларының жаппай өсіп кетуіне түрткі болады.

Дәрігерлер атап өткендей, эндометриоз шамамен Жер бетіндегі 10% әйелден анықталады. Аурудың созылмалы ағымында іштің төменгі жағындағы аурулар үдей түседі.

Бұған дейін кеңседе отырып істейтін жұмысшылардың қандай жағдайға тап болатынын көрсеткісі келген британиялық сарапшылар Эмма есімді балауыздан жасалған модельді құрастырды. Ол кеңседе 20 жыл бойы күніне сегіз сағаттан жұмыс істеген. Оның түріне қарасаң, аяушылық сезімі пайда болатыны анық.


Өзгелердің жаңалығы